Quantcast
Channel: Негізгі бет - Мұғалімдер сайты
Viewing all 162 articles
Browse latest View live

Аналар жайлы мақал-мәтелдер

$
0
0

Аналар жайлы мақал-мәтелдер

Алда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі жақындап келеді. Мереке алдында аяулы аналарымыз туралы айтылған мақал-мәтелдерді топтастыруды жөн көрдік. Ендеше, бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

***

Ана – біреу, ағайын – алтау.

***

Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

***

Ердің анасы – елдің анасы.

***

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

***

Ананың ізін қыз басар,

Әкенің ізін ұл басар.

***

Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

***

Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

***

Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.

***

Атыңа ауыр жүк артпа,

Анаңа ауыр сөз айтпа.

***

Ана баласын арыстанның аузынан алады.

***

Мылқаудың тілін анасы біледі.

***

Анасын сыйламағанды адал деме,

Ұстазын сыйламағанды адам деме.

***

Ана тілін алмаған – арсыз.

***

Тапқан ана емес, баққан ана.

***

Ананың қақы – Құдайдың қақы.

***

Анаңа рақым етпесең,

Балаңнан рақым күтпе.

***

Анаға баланың алалығы жоқ.

 

Дереккөз: http://massaget.kz/


8 наурыз. Қыздар туралы мақал-мәтелдер

$
0
0

 

8 наурыз. Қыздар туралы мақал-мәтелдер

"Қыз қонақ" деп сыйлаған қазақта қызбаланың орны ертеден қадірлі, бағалы болған. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бағзы заманнан айтылып келе жатқан қыздар жайындағы мақал-мәтелдерді ұсынуды жөн көрдік.

Ұлым – ұяға,
Қызым – қияға.

***

  Қыз — ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.

***

Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

***

Қызға бергенді Қыдыр өтер.

***

Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.

***

Қызыңды жеріне бер,
Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.

***

Қызды қартша сына,
Атты жігітше сына.

***

Қызым үйде, қылығы түзде.

***

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

***

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

***

Жерді шым, елді қыз біріктіреді.

***

Суды құм бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

***

Қой жүрген жер – береке,
Қыз жүрген жер – мереке.

***

Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.

***

Бесін болса, күн тұрмас,
Күйеу келсе, қыз тұрмас.

***

Шыққан қыз шиден тысқары.

***

Теңін тапса, тегін бер.

***

Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз қыз болмайды.

***

Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

***

Қысыла-қысыла қыз болдым.

***

Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.

***

Қымызды кім ішпейді,
Қызды кім айттырмайды.

***

Ас таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, анасына қара.

***

Күндес көргеннің қызын алма.

***

Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.

***

Тұзды көп сақтама, су болады,
Қызды көп сақтама, күң болады.

***

Қарты бардың хаты бар, 
Қызы бардың назы бар.

***

Өзі болған қыз төркінін танымас.

***

Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – төбедегі жұлдыз.

***

Біреудікі біреуге қыздай көрінер.

***

Отырған қыз орнын табар.

***

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

***

Ойының бекімі жоқ қыз қырық құбылады.

***

Қызды жеңге,
Жеңгені теңге бұзады.

***

Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.

***

Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

***

Қыдырымпаз шешенің қызы бастаңғышыл.

***

Жазымсыраған қыстан без,
Жасымсыраған қыздан без.

***

Қызы бар ауылдың қыдыры бар.

***

Қыздың жолы жіңішке.

***

Қызым, саған айтамын,
Келінім, сен тыңда.

***

Ананың көңілі қызында,
Қызының көңілі қызылда.

***

Ұлға – түтін, қызға – күтім.

***

Сұлу жігіт – ел көркі,
Сұлу қыз – үй көркі.

***

Қыздың көркі – кигені,
Жігіт көркі – сүйгені.

***

Қыз бала – өріс.

***

Қыздың тамағы қылдай.

***

Қыздың қырық жаны бар.

***

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

***

Қыз өссе – үйге жұт,
Ұл өссе – үйге құт.

***

Қызды ауылдың иті жатпас.

***

Қыз қылығымен сұлу.

 

Дереккөз: http://massaget.kz/

Көктем мезгілі – сұлулық пен жаңа өзгерістер кезеңі

$
0
0

 

Көктем мезгілі – сұлулық пен жаңа өзгерістер кезеңі

Көктем мезгілі жер дүние жаңарып, жаңашылдыққа бастайтын кез. Сонымен қатар әйел заты құлпырып, әдемілене түсетін уақыт. Өзгергіңіз келе ме? Өмір сүру қағидаларыңыз ұнамай ма? Ендеше бірге бастайық.

1. Көктем мезгілі ренішті ұмытуға қолайлы кезең.

2. Көптен бері тіл-табыса алмаған адамдармен қауышатын кезең.

3. Шаш үлгіңіз ұнамса, өзгертіңіз.

4. Ашық түсті кимідерді алуға ұмтылыңыз.

5. Көп уайымға салынбаңыз, қайғыны ұмытыңыз.

6. Өзіңізге ұнаған, қалаған затыңызды алыңыз.

7. Ерте тұруға дағдыланыңыз.

8. Бос уақытыңыз табыла қалса, өзіңізге көңіл бөліңіз.

9. Спортпен шұғылданыңыз.

10.Әрбір әйел өзінше сұлу, кербез, әдемі. Өзін сұлу емеспін дейтін жандар, өзіне көңіл бөле аламай жүрген адамдар.

Көктем біздерді бақытты болуға, жаңаруға ынтықтырады. Әйел затын сұлу болуға шақырады және өзгеруге нағыз қолайлы мезгіл. Ой түбінде жүрген жандарға шабыт пен жүректің сылдыр сазын сыйлайды.

Ал көктем мезгілі сіздерге несімен ерекше?

Дереккөз: anabol.kz

Қазақ қызының сұлулығы қалай бағаланған?

$
0
0

 

Қазақ қызының сұлулығы қалай бағаланған?

Қыз бала тәрбиесі қашанда қоғамның назарынан тыс қалып көрген жоқ. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие тағылымының тамаша үлгісін түйіп айтып отырған. «Қыз-қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген.

1. Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.

2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

3. Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

4. Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

5. Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әлпетті, сұңғақ бойлы, терең ойлы. 

 

Дереккөз: http://massaget.kz/

22 - НАУРЫЗ. ҰЛЫ КҮН – НАУРЫЗ!

$
0
0

22 - Наурыз. Ұлы күн – Наурыз! 
Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
№116 орта мектептің "Ер Төстік" шағын орталығының тәрбиешісі


«22 - Наурыз» Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған
«Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізің сценарийі.


Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: Бөлме іші мерекеге сай безендіріледі. Балалар ұлттық киімдермен келеді. Би биленеді. Таспадан «Наурыз думан» әні ойналады.
Көрнекілігі: «Ұлы күн – Наурыз!» газеті. Ұлттық нақыштағы бұйымдар. (Домбыра, сәукеле, дорба, ыдыс – аяқ, т.б.) Барысы. Жүргізуші: Құттықтау сөзді мектеп директоры Нұржан ағайға береміз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар , балалар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілей отырып «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Біз - өмірдің гүліміз» хор Жүргізуші: Би билейік бәріміз! Егін өңін толқытқан Елдің көңілін шалқытқан Бас иеміз – Наурыз!
Би: «Қамшы» Айдын, Қыдырәлі, Нұртай, Жандәулет.
Жүргізуші: Естіген жұрт толғанар, Бізде сондай әнші бар. Тамылжытып ән салар, Енді соны тыңдаңыздар!
Ән: «Мен әдепті баламын» орындайтын Қожабай Назерке
Мерекеге арналған балалардың тақпақтары:
Нұртай: Арпа бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже ежелден Бұл тойдағы бас тағам.
Айдын: Оятып шыңмен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды. Нұрландырған даланы, Наурыз – көктем басталды!
Ақзира: Ән қосылсын әніңе Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп Жаңа жыл! Бақ дарысын бәріңе!
Жандәулет: Келді Наурыз жар салып, Берекелі ән салып. Жылда келсін ұлыс күн, Тұрайық есен қарсы алып.
Жаннұр: Наурыз гүл көктем Сәні ай арайлы Күлімдеп күн көктен, Нұр шашып қарайды
Нұртөре: Ой қосылып ойыңа, Бой қосылып бойыңа! Аман – есен жүрейік, Келесі Наурыз тойына!
Назым: Құтты болсын, Наурыз Арманымыз әніміз. Наурызды қарсы алып, Қуанамыз бәріміз!
Қайсар: Ей, балалар, балалар! Енді маған қараңдар! Наурызды тойлайық, Қызық ойын ойнайық.
Назерке: Оятып шыңмен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды. Нұрландырған даланы, Наурыз – көктем басталды!
Қыдырәлі: Осыншама жақсылық, Алып келген Наурызым. Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің.

Жүргізуші: Наурыз тойы - елдің тойы, Көктем тойы – төлдің тойы. Ән айтатын күні бойы, Жақсы көрем Наурыз тойын!
Ән: «Наурыз» хор
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қыз қуу. Ойын шарты: бір ұл, бір қыз қатысады. Ұл бала қызды қуып жетіп бетінен сүйеді, ал жете алмай қалса, қыз жігітті қамшымен ұрады. Ойынға қатысатындар: Нұртөре мен Жаннұр
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі «Бесікке салу» рәсіміне кезек берейік!
Жұргізуші: Наурыз – шыр айналған жылдың басы, Адамның өлшенеді өмір жасы. Қазақтың пейіліне, жарасады, Әр үйде дастарқанға толған асы.
Ән: «Төлдер» орындайтын: Ақзира, Нұртай, Жаннұр.
Жүргізуші: Барша ата – аналардың құрметіне Лаураның «Наурыз думан» әнін қабыл алыңыздар!
Қорытынды сөз: Ата – аналарға беріледі.
Жүргізуші: Осымен «Балдырған» тобының Наурыз тойы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!

 

Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)

$
0
0


Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

 

 

22 НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ! ҚҰТТЫҚТАУ. ТІЛЕКТЕР

$
0
0

22 наурыз мерекесі құтты болсын!

Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін!

Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!

Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!

Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын!

Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!

Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос!

Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін!

Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін,

Қариялар кемсеңдеп бата берсін.

Наурыз мерекесі күлімдеп кеп,

Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін!

Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!

Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

Мектепте сатушысы жоқ дүкен ашылды

$
0
0

 

Мектепте сатушысы жоқ дүкен ашылды

Өскемендік оқушылар мектептерінде сатушысы жоқ шағын дүкен ашты.

Сауда сөресіне бірнеше сусын және тәтті тағамдар қойылды. Ал есігіне тауарлардың бағасы мен бұл қызметтің адалдықты тексеруге арналған әдіс екендігі түсіндіріліп жазылды. Талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген оқушы оның ақысын арнайы жәшікке тастап кетуі тиіс. Басында дүкен 20-30 пайыз шығынға ұшырған. Алайда кейіннен сатып алушылар өздерінің адалдықтарын білдіріп, тауар құнын жәшікке қалдырып отырған. Сондықтан жүйе өз нәтижесін берді. Алғашында тек ғылыми-зерттеу жобасы ретінде ашылған дүкен енді мектеп ішінде біржолата жұмысын жалғастыра бермек. Өйткені бұл бастаманың адамды жауапкершілікке әрі әділдікке баулитыны байқалған.

Айғаным Сейітова, мектеп оқушысы: - Бұл акция балаларды шыншылдыққа, өзін жақсы ұстауға, өтірік айтпауға үйретеді. Балалар осы жобаның аяғында өздері шыншылдықты үйренеді деп ойлаймыз. Салған қаржының барлығы 100 пайыз өзін-өзі ақтауда.

Дереккөз: 24.kz


Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бескүндік оқу аптасына көшеді

$
0
0

 

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бескүндік оқу аптасына көшеді

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бескүндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.

"Қазір біз тапсырманы орындап жатырмыз, сондықтан да сіздерге бұл жөнінде кейін толығырақ айтып береміз. Менің ойымша, бұл дұрыс тапсырма. Дайындыққа көп уақыт кетеді деп ойламаймын. Алдағы айда бірдеңе белгілі болып қалуы мүмкін. Менің ойымша, мұндай жүйеге көшуге 3-4 жыл уақыт керек. Президент тапсырма берді, сондықтан да өзгерісті күту керек", - деді Сағадиев.

Айта кетейік, Назарбаев бұған дейін мектептерде бескүндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырған болатын. "Дамыған елдердің мектептерінде бескүндік оқу аптасы енгізілген. Бұл баланың қайтадан қалпына келіп, педагогтың демалып, сабаққа дайындалуына мүмкіндік береді. Олардың кейбірінде, тіпті, сабақ аптасына төрт күн ғана болады. Мұндай форматқа өту - дамыған елдерге ортақ тренд", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: tengrinews.kz

ҚР БҒМ 9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күнін енгізуде

$
0
0

 

ҚР БҒМ 9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күнін енгізуде

ҚР Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердің  9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күнін енгізуде. Аталған шаралар оқушылардың оқу барысына кедергі келтірмей, жоғары оқу орындарын жарнамалауды жүйелік реттеу мақсатында енгізілген.

Енді кәсіптік бағдар күні әр айдың 2 және 4-сенбі күндері 2 академиялық сағат ішінде өтетін болады. Мектептер үшін бірыңғай стандартты кесте жасалады, ол бойынша жоғары оқу орындары мектептерде оқушылармен кездесу өткізу жөнінде өтінім береді. Жалпы білім беретін мектептер өтінім берген жоғары оқу орындармен тоқсан сайын Кәсіптік бағдар күнін өткізу кестесін жасайды.

Егер жоо оқушыларды тестілеуден өткізуді жоспарласа, онда оны мектептен тыс немесе жоо мен колледжде өтетін Ашық есік күндері шеңберінде өткізуге тиіс.

Кәсіптік бағдар күні шеңберінде өтетін кездесулер әр жоо-ға мектептерде ақпараттық жұмысты өткізуге құқық бере отырып, кешенді кәсіптік бағдарлау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бітіретін сыныптар оқушылары өзекті мамандықтар мен білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алады. Кездесулерді сенбі күні өткізу ата-аналарға балалармен бірге жоо-лармен және колледждермен танысуға жағдай жасайды.  

Дереккөз: edu.gov.kz

Юрий Мельниченко мен Ермахан Ыбрайымов оқушыларға дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді (ФОТО)

$
0
0

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина мен Ермахан Ыбрайымов Астана мектептерінің бірінде оқушылар мен ұстаздарға дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді.

Аталған шара 7 сәуір күні тойланатын Денсаулық күні қарсаңында ұйымдастрылуы тегін емес.
Оқушыларға арналған алғашқы сабақ Астана қаласы №56 мектепте өтті. Айта кету керек, осындай сабақтар 7 сәуірде ғана емес, оқу жылы аяқталғанша өткізіліп тұрмақ. Осылайша, 9 және 16 жас аралығындағы оқушылар Олимпиада чемпиондарының сабақтарына қатысатын болады.

Сабақтың басты ерекшелігі - онда түрлі фитнес-технологиялар қолданылады. Бұл оқушылардың спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттырады, деп санайды ұйымдастырушылар.

Елордада даңқты спортшылар 5 мектепте 25 сабақ өткізбек. Бұл туралы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, «Астана» президенттік спорт клубының менеджері Юрий Мельниченко мәлім етті.

«Егер бала жастайынан спортқа берілсе, дене шынықтырумен шындап кіріссе және ол оған қуаныш сыйласа, олар спорттық пәндердің күнделікті өтуін өздері-ақ сұрайтын болады. Сабақтың қызықты өтуі оның әдісіне, ұйымдастырылуына қатты байланысты. Біз тек оқытушылар мен балаларға біз білетін қызықты дене шынықтыру әдістерін көрсеткіміз келеді», - дейді Ю. Мельниченко.

«Балалардың дені қазір өте сылбыр. Осы сабақтар арқылы біз балалардың көңілдерін көтеріп, спорттық үйірмелерге қатысуға итермелей аламыз деп ойлаймын», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина.
Аталған жобаның авторлары осы тәжірибені кейін республиканың барлық аймақтарына таратуды көздеп отыр.

null null null null null null

 

Спорт туралы тарихи мағлұмат және оның түрлері

$
0
0

Тақырыбы: Спорт туралы тарихи мағлұмат және оның түрлері

1. Спорттық   ойындардың шығу  тарихы.

  1. Спорт мекелерінің шығу тарихы
  2.  Денешынықтыру мәдениетінің қалыптасуы

Біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениеті  өзіндік ұлттық  тарихи  дамудағы барлық  жолдарын  жоғалтпады. Жарыстар  мен  әртүрлі  ойындар, денешынықтыру  жаттығуларының  ұлттық  түрлерінің  өсуі  мен  сақталуын  және  олардың жаңаша  туылуына, ұлттық  жаңа  түрдегі мәдениетінің сақтаушысы  халық  болды. Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырды.

Біздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.

Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне      спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін,   жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсетті.

Мысалы, аса  айшықталған  якуттардың  «испах»  деп  аталатын  көктемгі  мерекесінде  ұлттық  дәстүр  колоритін  сақтай  отырып  спортты  ұлттық  мерекеге  айналыдып, музыка  мен  поэзияларын  ұштастыра  отырып  өзіндік  сәнді  киімдермен  біріктірілген  спорт  ұлттық  түрлерін  жастар- өздерінің  ойнау  шеберліктерінде демонстрациялап  жеңіл  атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен  командалық  ойындар жарыстары  бойынша айшықтай  көрсетеді.

Осылай  денешынықтыру  мәдениеті сен  спорттық  жарқын  көрінісі   қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтың   физкултурашыларға  арнау  және спартакияда мен  физкултурашылар парадына  айналып  аталып  келеді.

Осы  аталған  мерекелерді  Овет  Одағының  жастарының  советтік  спорттағы  барлық   көптүрлілігін   және  спорттық   үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиға  және  салтанатты   мерекелер ол  жалпы  ұлттық. Дене  шынықтыру  мерекелерін әсіресе  село  тұрғындары  «Егін  өнімі  күнінде», «Бірінші  бау  күндерінде»  және  т.б.  мерекелерде атап  өтіп   жатады. Спорттық  кеште  жарыстармен  жаңа   ұжымдар  ашылуында, өз  жұмысын  орындаған  завоттар, фабрикалар,  ұжымның   мерейтойларында  дәстүрлі  турнирлермен мерекелеп  отырады. Тарихта  бізге  естелік   болып  отырған бірінше  мереке ол  25  май  1919 жыл Всевобуг  отряды  парадын  құрады. олар  тарихи  қызыл  алаңды  толтырды. Парадты  ұлы  Ленин  қабылдады. Владимир  Ильич  алаңдғаы парадшыларды  сәлемдесіп  құттықтады.

Ол  пролетарлар мен  революцияны  жеңу  жолындағы  қолында  винтовка  ұстаған   парадшыларға  көңіл  бөлді. Всевобуг  физкултурашылары  меркесі  азамат   соғысы отына  туылғандар  үшін айбарлы  және  бұлдыр еді.  Көптеген  қатысушылар  дәл  Қызыл  алаңнан  азамат  соғысы   майданына  аттанып жатты. Бұл  мереке  өзінің  спорттық  мерекесінің жаңа  қалпын  физкултурашылар  парадын  және олардың  жоғары  азаматтығын, ұлтщылдығы мен  пролетарлық  өнерінің  байланысы принціптерін  көсете  білді.

1942 ж 4000  физкултурашылар кәсіподақ  ұжымымен Москвада  өз  парадын  құрды, ал 1972 ж  бірінші жалпымосквалық  физкултурашы  парады  онда 18 000 – ға  жуық адам  қатысты.

1928 жылы елге  үлкен  салмақ  туды,  ол  халықтың  жоспарды  қайта  құруға  көшуі  социолизм  науқанын   жаңарту  еді. Кеңестік  ел   бірінші  бесжылдықты  тұрғызу  жолында ерен  қимылдады. 

12-24 тамыз  1928 ж. Москвадағы  жаңа  стадион «Динамо» да  Бүкіл  Одақтық  спартакияда – халық  шаруашылығы  дамуы жоспарының   бірінші  бесжылдығында  қабылдауға  арналған болатын. Спартакияда  Қызыл  алаңда  парад   құрды, олар 30 000 москвалық физкултурашылар мен  туыс республикалардың  спортсмендерінен  тұрды. Спартакияда  кезінде – су  спортынан  мерекелік  карнавал  ұсынылды, ал  Москва  өзеніде «Бүкіл  әлемдік  октябрь»  атты  үлкен  инсенировканы  орындады.

Бұл  инсенировкада  неше мыңдаған  адамдар  қатысты.

 

2. Денешынықтыру  мерекесін  ұйымдастыру  әдісі.

  1. Спорттық  ойындардың  шығу тарихы.
  2. Денешынықтыру мәдениеті.
  3. Су  бетіндегі мерекелер.

Қазақстан  Республикасында, яғни біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру  мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениетінің  өзіндік ұлттық,  тарихы  дамудағы барлық  амалдарын  жоғалтпады. Жарыстар мен  дәстүрлі  ойындар денешынықтыру мәдениетінің  ұлттық  түрлерінің сақтаушысы, олар  біздер, яғни  халық  болды. Дене шынықтыру  жаттығуларының ұлттық  түрлерінің  өсуімен  сақталуын және  олардың  жаңаша  туылуына  ұлттық  жаңа  түдегі мәдениетінің  сақтаушысы ол  халық  болды. Мерекелерде  денешынықтыру  мәдениетінің  ұлттық түрі  айқын  көрініп  отырды. Біздің де Отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер тек  ойын-сауық  ретінде  емес, ол  әрине  спорт  жарыстары  ретінде де  мерекеленіп  отырады. Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық  мәдениетіне  кеңестік спорт  қазынасын  ең жақсы  жағынан  ендірді. Жарыстарды, ойындарыды және дәстүрлі  спорт  мерекелерін  социалистік  тұрғыда  ұлттық  жаңаша  тұрғыда, спорттық  ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  кеңестік  спорт  мәдениеті  жоғары  көрсеткіштер  көрсетті. Мерекелерде  ұлттық  дәстүр колориті  ала  отырып, спортты  ұлттық  мерекеге   айналдырып, музыка  мен поэзояларын  ұштастыра  отырып, өзіндік  сәнді  киімдермен біріктірілген   ұлттық  спорт  түрлерін жастар  өздерінің ойнау  шеберліктеріндедемонстрациялап, жеңіл  атлетика  бойынша, гимнастика  бойынша күрес пен  командалық ойындар, жарыстар  бойынша айшықтай  көсетеді. осылай  денешынықтыру  мәдениеті  мен  спорттық  жарқын  көршісі  қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтық  физкултурашыларға  арнау  спартакиадамен  физкультурашылар  парадына   айналып, аталып  келеді. Осы   мерекелерде  Кеңес  Одағы   жастарының  кеңестік  спорттағы  барлық  көп  түрлілігін және  спорттық  үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиғалар менсалтанатты  мерекелер  ол  жалпы  ұлттық  дене шынықтыру  мерекелерін   әсіресе  ауыл  тұрғындары  өнімі  күнінде, бірінші  бау  күндерінде  және т.б. мерекелерде  атап  өтіп   жатады. Спорттық  кештерде  матчтар, жарыстар  мен  жаңа  ұжымдар ашылуында өз  жұмысын  ерте  аяқтаған завоттарда, фабрикаларда  ұжым  мерейтойларында,  дәстүрлі  турнирлер  мен мерекелер болып отырады.  Тарихта  бізге   естелік   болып  отырған 1-ші  спорт  мерекесі ол 1919 жыл 15- мамырда болған  мереке  еді. Олар  тарихи қызыл  алаңды  құрады. Ол  парадты  ұлы  Ленин қабылдайды. Ленин  үлкен  құметпен бұл  сәлемдемені құрметпен  қабылдады. Ол  пролетарлар  мен  революцаны  жеңу  жолындағы  қолында  вилетова ұстаған  парадшыларға  көңіл бөлді. Бұл  физкультурашылар мерекесі  азамат  соғысы отына туылғандар  үшін айтарлы,  әрі  бұлдыр  еді. Көп  деген  қатысушылар,  дәл  осы  қызыл  алаңнан азамат  соғысы  майданына  аттанып  жатты .1928 жылы  12-24  тамызда  Москвдағы жаңа  стадион димамеда  Бүкілодақтық  спортакияда  халық  шаруашылығы   дамуы жоспарының  бірінші  бес  жылдығын  қабылдауға  арналған  болатын. Спартакиада қызыл  алаңда  парад  құрды. Олар  30 000  москвалық  физкультурашылармен тұрды. Спартакиада  кезінде су  спортынан  мерекелік кеш  өтті. Жастардың нағыз қимылдар  қалпындағы  қызыға  айналысатын  спорт  түрі  - ол су  бетіндегі  мерекелер  болып табылады. Олар: керемет  спорт  түрлеріне  бөлінеді. Мысалы: жүзу, су шанасы, су маторы, суға  секіру  болып  табылады. 1928 жылы  16 – тамызда  бірінші  бүкілодақтық спартакиаданың  ашылу  салтанатына  арналған су  мерекесі   қызықты  өтті. Одан  кейін  екі  жылдан соң, 1930 жылы 11- шілде де партияның  24-ші  сьезінің делегаттарына  жасалынып, имецеировкалары  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтарында  жойылды.судағы  мерекелер  үлкен   табыстарға  қол  жеткізіп  отырды. Комсомольская  правда  газетіне  1930  жылы 13-шілдеде, 24 партсьез  үшін  керемет  мереке деген  мақалалар  жарияланып  жатты. Содан  бері  көп  деген  арнайы  мерекелер М. Горький  атындағы  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтары  жанына  орналасуын  су  қоймасында  димамо  су  станциясы  аумағында  өткізіліп  келеді. Студенттер мен  жастардың  4-ші  бүкіләлемдік    фестиваліне  масштаб  бойынша  көркем  деген  су  мерекелері  карнавалы  болды. Судағы  мерекелердің  кеңінен  таралуын  біз  және  көп  адамдар әлі қабылдай   алмай  келеміз. Су  мерекесін  өткізу  орнын белгілеу. Бұл  сұрақта  жауап  іздеу  үшін  ұйымдастырушылар  басты уайымдауды  судан емес, өзінен  ізденеді. Бұл  жағдайда  қауіпсіздікке  көңіл  бөлу  керек.  

 

3. Спорт алаңындағы мерекелер

  1. Спорт мерекелерін ұйымдастыру
  2. Спорт мерекелерінің ерекшелігі

Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырдыБіздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне  советтік   спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін, социалистік, жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсеттіМысалы, аса  айшықталған  якуттардың  «испах»  деп  аталатын  көктемгі  мерекесінде  ұлттық  дәстүр  колоритін  сақтай  отырып  спортты  ұлттық  мерекеге  айналыдып, музыка  мен  поэзияларын  ұштастыра  отырып  өзіндік  сәнді  киімдермен  біріктірілген  спорт  ұлттық  түрлерін  жастар- өздерінің  ойнау  шеберліктерінде демонстрациялап  жеңіл  атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен  командалық  ойындар жарыстары  бойынша айшықтай  көрсетеді.

Осылай  денешынықтыру  мәдениеті сен  спорттық  жарқын  көрінісі   қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтың   физкултурашыларға  арнау  және спартакияда мен  физкултурашылар парадына  айналып  аталып  келеді. Осы  аталған  мерекелерді  Овет  Одағының  жастарының  советтік  спорттағы  барлық   көптүрлілігін   және  спорттық   үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиға  және  салтанатты   мерекелер ол  жалпы  ұлттық. Дене  шынықтыру  мерекелерін әсіресе  село  тұрғындары  «Егін  өнімі  күнінде», «Бірінші  бау  күндерінде»  және  т.б.  мерекелерде атап  өтіп   жатады. Спорттық  кеште  жарыстармен  жаңа   ұжымдар  ашылуында, өз  жұмысын  орындаған  завоттар, фабрикалар,  ұжымның   мерейтойларында  дәстүрлі  турнирлермен мерекелеп  отырады. Тарихта  бізге  естелік   болып  отырған бірінше  мереке ол  25  май  1919 жыл Всевобуг  отряды  парадын  құрады. олар  тарихи  қызыл  алаңды  толтырды. Парадты  ұлы  Ленин  қабылдады. Владимир  Ильич  алаңдғаы парадшыларды  сәлемдесіп  құттықтады.Ол  пролетарлар мен  революцияны  жеңу  жолындағы  қолында  винтовка  ұстаған   парадшыларға  көңіл  бөлді. Всевобуг  физкултурашылары  меркесі  азамат   соғысы отына  туылғандар  үшін айбарлы  және  бұлдыр еді.  Көптеген  қатысушылар  дәл  Қызыл  алаңнан  азамат  соғысы   майданына  аттанып жатты. Бұл  мереке  өзінің  спорттық  мерекесінің жаңа  қалпын  физкултурашылар  парадын  және олардың  жоғары  азаматтығын, ұлтщылдығы мен  пролетарлық  өнерінің  байланысы принціптерін  көсете  білді1942 ж 4000  физкултурашылар кәсіподақ  ұжымымен Москвада  өз  парадын  құрды, ал 1972 ж  бірінші жалпымосквалық  физкултурашы  парады  онда 18 000 – ға  жуық адам  қатысты.1928 жылы елге  үлкен  салмақ  туды,  ол  халықтың  жоспарды  қайта  құруға  көшуі  социолизм  науқанын   жаңарту  еді. Кеңестік  ел   бірінші  бесжылдықты  тұрғызу  жолында ерен  қимылдады.  12-24 тамыз  1928 ж. Москвадағы  жаңа  стадион «Динамо» да  Бүкіл  Одақтық  спартакияда – халық  шаруашылығы  дамуы жоспарының   бірінші  бесжылдығында  қабылдауға  арналған болатын. Спартакияда  Қызыл  алаңда  парад   құрды, олар 30 000 москвалық физкултурашылар мен  туыс республикалардың  спортсмендерінен  тұрды. Спартакияда  кезінде – су  спортынан  мерекелік  карнавал  ұсынылды, ал  Москва  өзеніде «Бүкіл  әлемдік  октябрь»  атты  үлкен  инсенировканы  орындады.

 

4. Су   бетіндегі  қойылымның  көрінісі  

  1. Судағы  корнавал.
  2. Су  бетіндегі  мерекелер

Жастардың  нағыз  қимылдар  қалпындағы қызыға  айналысатын  спорт  түрі су түбіндегі мерекелер  болып  есептеледі. Олар керемет  спорт  түрлеріне  бөлінеді. Мысалы: жүзу, су шанасы, су-маторы,  суға  секіру  желкенді  қайық т.б. 1928 ж. 16  тамызда І бүкілодақтық  спортакиаданың  ашылу  салтанатына  арналған  су  мереке  қызықты  өтті. Одан  кейін  екі  жылдан соң, 1930 жылы 11- шілде де партияның  24-ші  сьезінің делегаттарына  жасалынып, имецеировкалары  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтарында  жойылды.судағы  мерекелер  үлкен   табыстарға  қол  жеткізіп  отырды. Комсомольская  правда  газетіне  1930  жылы 13-шілдеде, 24 партсьез  үшін  керемет  мереке деген  мақалалар  жарияланып  жатты. Содан  бері  көп  деген  арнайы  мерекелер М. Горький  атындағы  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтары  жанына  орналасуын  су  қоймасында  димамо  су  станциясы  аумағында  өткізіліп  келеді. Студенттер мен  жастардың  4-ші  бүкіләлемдік    фестиваліне  масштаб  бойынша  көркем  деген  су  мерекелері  карнавалы  болды. Судағы  мерекелердің  кеңінен  таралуын  біз  және  көп  адамдар әлі қабылдай   алмай  келеміз. Су  мерекесін  өткізу  орнын белгілеу. Бұл  сұрақта  жауап  іздеу  үшін  ұйымдастырушылар  басты уайымдауды  судан емес, өзінен  ізденеді. Бұл  жағдайда  қауіпсіздікке  көңіл  бөлу  керек.   Су  мерекесінің  өткізілуге  үлкен  қолайлы оған  эстардалық  жабдықтар сиымды  әрі  лайықты  орындар, демалыс  аумағы жалпы  тамақтандыруды  ұйымдастыру  және медпунктер мен   саниталық  құралдар  қоятын және  прожекторлармен  пиротехникалар мен жабдықтау  керек. Аса  қажеттіліктерге  су  бассейініңнің  тереңдігімен  қайық  жүзе алатындай  аумақ  және мерекеге  қатысушылар  мен  көрермендер қауіпсіздігінне  ерекше  көңіл бөлуді  ұйымдастыру  керек.

Егер  мереке  өзеннің  үлкен  аймағында өткізілсе  су  жағасындағы көпшілік  көрермендерге  көріну  үшін  көрсетілетін  көріністер  мен  спорттық  жоспарлау  сол  тұрғыда  болмақ.

Жылдамдық  қайығының  жарыстарын  (мысалы: катерлер, маторлы қайықтар т.б.  техникалық  жабдықтар) мәреге  дейінгі  арақашықтықты ескере  отырып   бір-бірінен  қашықтықтарын  сақтау керек. Өзеннің әртүрлі  (орындарында) жерінде  су шаңғыларының  серуені, су  оййындары, судағы  секірулер, спорттық  және  көркем  жүзулер, сүңгірушілер жұмыстарының  да немесе қойылымдардың  көрсетілуін  ұйымдастыру. Бағдарлама т.б.  көпшілік  тура  ара-уақыттағы  сақталынған  жүзушілердің  өнерінде  еңгізуге (егер  олардың  қауіпсіздігі  сақталынған жағдайда) болады. Мыңдаған  отау  отын  ұстаған  жүзуші  спортсмендер көз алдыңда – есен  кетпес  көрініс   болар  еді.

Судағы  корнавал.

Судағы  карнавал кешкісін  электор  жарығы немесе  прожектор  жарығында өткізіледі. Бағдарламаның  түзілуі  мерекенің  ойын-ережелердің  шығармашылық  ойлауымен  физкултурашылар  ұйымы,  көркем өнерпаздар  ұжымының  және  цирк  пен  эстрада  жұмысшыларының  көмегі  мен  жасалынады.

 

5. Қазақтың ұлттық  тоғызқүмалақ ойыны

 

1.Тоғызқұмалақ ойынының мәні

2.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі

 

Қазақта керемет скі қүдірет бар. Бірі - қос ішекті, тоғыз пернелі үкілі домбыра, екіншісі -тоғыз-тоғыздан симметриялы орналасқан отаулары, қасиетті қүмалақтары бар қос қазаннан түратын тоғызқүмалақ ойыны. Тоғыз саны киелі сан.

Бүл ойынның тарихына зер салсақ, Орта Азияда әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында кеңінен тараған ойын. Ойнаса қызығына қанбайтын, есеп-қисапқа толы мәңгілік сиқырлы өлем, рухани байлығымыздың қайнар көзі, үлтымыздың мақтанышы деп түсінуіміз керек.

Тарихшы және археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқүмалаққа үқсас ойынның тақтасы бүдан үш мың жылдай бүрын да қолданылған екен. Оған калах, манкала деп аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Тіпті осы күндерде де жайылымдарда, тау бектерлсрінде тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасы Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде жиі кездеседі. Оған дәлел ретінде Түркістандағы Қарақан батырдың кесенесінің алдында түрған тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасын айтуға болады.

Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой спорты — тоғызқүмалақ аласапыран заманның әлегінен үмыт бола жаздап, XX ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. Енді еліміз егемендік алған соң, ата-бабадан қалған үлттық алтын мүраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді олимпиадалық ойындармен теңестіру алдымызда түрған үлкен мақсат деп ойлаймын. Тоғызқүмалақ — бүкіл түркі халықтарының даналығының туындысы ретінде Орта Азиялық, дүниежүзілік спорт ойындарының төрін алуға лайықты алтын қазына. Үкімет тарапынан қаншама қамқорлық жасалып жатса да, өкінішке орай спорт басшыларының селқос кезқарасынан көне ойын әлі де баяу дамып келеді. Сондықтан, ана тілді, үлттық әдет-ғүрыпты, үлттық ойындарды жандандыруды мақсат түтатындықтан, бала тәрбиесінде, оның математикалық қабілетін арттыруда игі өсері бар тоғызқүмалақ ойынын үйренемін деушілерге үйретуден жалықпайық, білмегенінді білгендерден сүраңыздар демекпін. Тоғызқүмалақ — шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, сабырлылықты, терең жөне логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқүмалақ жоғарыда аталған ойындардап кем соқпайды. Мүның басқа есеп ойындарынан ерекшелігі, бүл ете нөтижелі ойын, тең ойын өте сирек кездеседі. Тек көп ойнап жаттыққан адам, ер алуан жаңалықты ойын үстінде тауып, тоғызқүмалақтың қыр-сырын аша алады. Шыдамдылық пен қыруар еңбек, үлттық ойынға деген шексіз махаббат пен ынта-жігер арқылы ғана ата-бабадан мүра болып қалған үлттық енерді асқақтатып, дамьггып, қиындықтарды жеңе білу керек.

Таңғажайып тоғызқүмалақ Еуропа төрінен орын ала бастады

Күздің басында Прага қаласында кезекті рет зияткерлік ойындар олимпиадасы өткізілгенде қазақстандық тоғызқүмалақшылар еуропалық мектеп оқушыларына тоғызқүмалақ сияқты зерде ойынының қыр-сырын да үйретіп, семинар өткізіп қайтқан болатын. Бүл тоғызқүмалақтың Еуропаға алғашқы шығуы емес екен.Тоғызқүмалақ ойыны зияткерлік спорттың ішіндегі ең күрделі түрлерінің бірі, бүл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар. Сонау көне замандардан бүгінгі күнге дейін келіп отыр. Алғашқы кезде бүның үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болса, бүгінгі күні біз жетілген тоғыз отаулық классикалық ережесімен ойнап жүрміз.

Тоғызқүмалақ ойынын біз Орта Азияда, Ресейде жэне осы Еуропа елдерінде насихаттауды қолға алғанбыз. Сонымен қатар басқа елдерде де қызығушылық бар. Атап айтқанда Америка, Африка елдерінде де. Қазақстандық жэне чехиялық мектеп оқушылары тоғызқұмалақ жарысында, Пардубице, наурыз, 2008 жыл.Жалпы айтқанда біз неге тоғызқұмалақты насихаттап отырмыз, ол ойын ретінде ғана емес, оның танымдық, тағлымдық, терапиялық, спорт, өнер, ғылым ретіндегі маңызы зор. Бұл жасөспірімнің ақыл-ойын шыңдап, ми қызметін жетілдіретін зияткерлік спорттық ойын. Сондықтан мұның тек ұлттық бағытта емес, жалпы элемдік деңгейде де маңызы өте зор, өйткені тоғызқұмалақ сияқты ойындарды ойнаған бала есейе келе өзінің күнделікті нақты жоспарын құрып, дүниеге көзқарасы молайып, жетілген тұлға болып қалыптасады.Сондықтан тоғызқұмалақ ойынын біздің бүгінгі насихаттап отырғанымыздың себебі, қазақ халқының осындай үлы мүрасы бар екенін, зияткерлік өнері бар екенін басқа халықтарға да бір жағынан таныту, сонымен қатар адамзаттық деңгейде де өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады.Қазіргі кезде Қазақстанда тоғызқүмалақты насихаттаудың түрлі жолдары көп. Біз жарыстармен қатар семинарлар, конференциялар өткіземіз.Мэселен, 2008 жылдың ақпан айында Алматыда "Тоғызқүмалақты халықаралық деңгейде дамытудың өзекті мэселелері жэне алдағы мінеттері" атты халықаралық конфренция өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия жэне басқа да бірнеше елдердің ғалымдары келіп баяндамаларын оқыды. Өздері келе алмағандары баяндамаларын жібергендері болды.Ал енді бізде жарыстардың жылдық күнтізбелік жоспары бар. Оны Қазақстан спорт жэне турзим министрлігі мен Тоғызқүмалақ федерациясы бірлесіп жасайды. Бізде жылына 40-қа жуық республикалық жэне халықаралық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сәйкес үлдар мен қыздар және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бар. Сонымен   бірге   жекелей   чемпионаттар,   шапшаң   ойнау   чемпионаттары өткізіледі. Міне осының барлығы бізде тоғызқүмалақ ойынының жүйелі түрде даму жолына түскенін көрсетіп отыр.Сондай-ақ біз өзіміздің тэжірибемізбен бөлісу үшін алыс жэне жақын шетелдерде семинарлар өткіземіз. Өткен жылы тоғыз семинар болса оның бесеуі Қазақстанда өтсе, қалғанын шетелдердегі жергілікті комитеттер өткізді.із өз тарапымыздан Чехияда, Македонияда, Қырғызстанда, Ресейдің таулы Алтай республикасында өткіздік. Жалпы байқағанымыз тоғызқүмалақ ойынына деген қызығушылық өте жоғары.Мэселен Американың Аляска университеті осы тоғызқүмалақтың компьютерлік бағдарламасын жасап шығарды. Ал Колумбияда өткен жылы өздері семинар өткізіп,тоғызқүмалақ ережелерін насихаттап, таратуда.Швейцарияда өткен конференцияда Испания азаматы Виктор Баутисторока баяндама жасап, тоғызқүмалақ тақталарын бірнеше елдердің Швейцарияның, Италияның мүражайларына таратқан Шынында да тоғызқүмалақ ойынын тек спорт, өнер, ғылым ретінде қарастыруға болмайды. Мен қазіргікезде оны бабаларымыздың дүниетанымы ретінде қарастырамын. Өйткені ондай ойындардың дүниежүзінде 400-ге жуық түрі бар, атап айтқанда ол Африка елдерінде, Америкада, Еуропа елдерінде, мынау Азияның бірнеше елдерінде осы тоғызқүмалақ сияқты ойындар бар. Мэселен тоғызқүмалақтың тақтасының өзі Норвегия мен Индонезияда үқсас.Бірақ біз осы үқсастығына бола оны тоғызқүмалақ десек, ол біздің шалағайлылығымыз болады. Сондықтан ол жерде кездесетін тақталардағы ережелерді сараптап, талдағанда ғана оның қандай ойын екенін байқаймыз. Ал осындай ережелер қайдан шығады, ол сол жердегі халықтың дэстүріне, салтына, дүниеге көзқарасына, этнографиясына байланысты, сонымен қатар сол жердегі халықтың бір-бірімен аралас-қүраластығына негізделген. Яғни тоғызқүмалақ ойыны бүл - көшпенділердің дүниетанымы негізінде жасалған.Мэселен "түздық" деген ереже бар, бүл ережені отауға ие болу деп қарастыруа болады, демек екі қүмалақ жатқан үйге үшінші қүмалақты апарып көшірсеңіз, сонда ғана отауға ие боласыз. Ал отауға ие болуды қалай түсіндіруге болады, яғни жастар бірін-бірі үнатып, отау қүрады, бірақ ол үйде үрпақ дүниеге келмесе, онда ол үйден отау шықпайды. Сонымен қатар жүп деген бізде табыс болып есептеледі. Американың "калах" деген ойынында жалғыздық табыс болып есептеледі, кім бірінші бастаса, сол жеңіске жетеді. Ал керісінше бізде "жалғыздың үні" шықпас дейді.Сонымен қатар тоғызқүмалақ ойынында маңдай, атөтпес, тектүрмас, бел, белбасар деген отаулардың аттары бар. Ал енді мысалы бізде үнемі маңдайың ашық болсын, артың жабық болсын дейді, ол жабық болсын деген отаудағы қүмалақтарды жүптан үстап отыруымыз керек, ал маңдайымызды үнемі ашық қалдырып отыруымыз керек. Міне осындай көптеген философиялық үғымдар бар, танымдық көзқарастар бар. Мен тек қана шет жағасын айтып отырмын, болашақта сол 400-ге жуық түрін жеке-жеке зерттесек, үлкен зияткерлік ғылым, этноматематика ғылымы туындайды.Бүны қазір еуропалық ғалымдар зерттеп жүр, ал Орта Азияда, Қазақстанда жалпы алдағы уақытта зерттеледі деп ойлаймын. Қазір соңгы статистика бойынша Қазақстанда тоғызқүмалақпен айналысып жүргендердің саны 36 мың, бүл ресми ғана, ал бірақ менің ойымша бүл 100 мыңнан асады. Жэне 1,5 мыңдай жаттықтырушы бар. Мүның барлығы Қазақстанда тоғызқүмалақ спортының жүйелі даму жолына түскенін байқатады. Бүл ойынды дамыту үшін министрлік тарапынан жылына 10 миллион теңге бөлінеді. Қазақстан тоғызқүмалақ қауымдастығы да бүл салаға қомақты қаржы бөліп отыр.

 

6. Қазіргі кездегі Қазақстандағы спорт

1.                 Спорт жэне дене тәрбиесі.

2.                 Қазақстан спортшылары

3.                 Қазақстандағы спорт базалары

Спорт жэне дене тәрбиесі. Қазақ халқының дене тэрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тэрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кэдесіне жарағандығын кейбір археол. деректер дэлелдейді. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқү-малақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқүмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дэуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда энші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тэрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады. Ежелден садақ тарту, бэйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған үлттық спорт түрлерін, эр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, эр жүздің, эрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сэйгүлігі болған. Олар бэйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр үлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп эсер етті. Мүндай жағдай, эсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тэрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мэселелер, эскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол үйымдары қыруар жүмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, эскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қ-нда дене тэрбиесі нүсқаушылары және ү-йымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған^ жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мүнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында ірі і спорттық орталықтар қүрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу \ губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тэрбиесін дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өтті. Дэл осындай эйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да үйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 ж. енгізілген "КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол" (ГТО) деп аталған бэсекелердің маңызы зор болды. Бүл жастардың спортқа түрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тэрбиесінен үлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тэрбиесі техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада жэне мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 ж. өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт жэне бұқаралық қорғаныс жүмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында эскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тэрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тэрбиесі ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекүлы "Спартак" қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дэрежеге жетті. 1950 ж. Қазақстан спорт үйымдары қүрылды. 1959 ж. бүл үйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді. 1951 ж. "Колхозшы" спорт қоғамы қүрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат" деп аталды. 1956 ж. Мэскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лік эстафеташылар жарысында күмісхж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлдені иемденді.Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған эйгілі Медеу мүз " айдыны  (қ.  Медеу  спорт  кешені)  үлкен  ықпал  етті.  Мүнда көптеген дүниежүз. жэне қүрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер", "Болат",  "Динамо", т.б.) қүрыла бастады.

Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы түсында айтарлықтай спорттық дэрежеге   қол   жеткізді.   Көгалдағы   хоккейшілер,   допты   хоккейшілер, ^ "Буревестник",  АДК  волейболшылары,   "Динамо"   су  добы  командасы і КСРО,    Еуропа   жэне   дүние    жүзі   чемпиондары    атанды.    Аталмыш / командалар  қүрамында М.Жексенбеков,  С.Шаймерденов,  С.Қалымбаев, Е.Қүмарғалиев,      С.Сексенбаев,      Ю.Варзин,      В.Бочков,      В.Агуреев, О.Жарылғапов,   М.Мәденов,   З.Жэркешов,   Ж.Сауранбаев,   В.Кравченко., Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО қүрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бүл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын жэне 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мэскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс жэне 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дэрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мүнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Түрлыханов, Т.Менынова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Түрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесінші орын алды. Олардың үлесінде барлығы 78 медаль (оның 24-і алтын) болды. Чемпион атанғандардың ішінде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нүрмағамбетов (ескек), Б.Байсейітов, С.Матвиенко (грек-рим күресі), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңіл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Ділдэбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестеріміз 76 медаль алды. Командалық есепте бесінші орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында  А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, ' В.Борисов (жеңіл атлетика), Н.Кәрімжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) Қ-нда өткен 26-олимпия** ойындарында Қазақстан түңғыш рет ж<

WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр

$
0
0

 

WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр

Қазақстанда WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлап, бұл мәліметтің жалған екенін атап өтті.

"WhatsApp және әлеуметтік желілерде ҰБТ-ның болмайтыны жайлы таралып жатқан мәліметтер шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жазында ҰБТ-ның алдын ала жоспарланған тәртіпте өтеді және шекті деңгейдегі балл жинай алмаған түлектерге де қайта тестілеу мүмкіндігі жасалады. Сондықтан өз жақындарыңыз бен туыстарыңызды ҰБТ-ның болмайтыны жайлы мәліметтің жалған екенінен құлағдар етуді сұраймыз", − делінген ведомство хабарламасында.

Биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Қайта тапсырудың құны 2 242 теңге.

Дереккөз:Tengrinews.kz 

Аппликация

$
0
0

ШАЙМЕРДЕН АЗАТХАН СЕРІКҰЛЫ

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының жоғары санатта бейнелеу пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Аппликация
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бейнелеу өнері бойынша білімдерін тереңдету. Аппликация түрлерімен таныстыру. Олардың жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қабілетті және дарынды балаларды анықтау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды әсемдікті сезіне білуге, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, қанатты сөздер, сызбалар, сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: с. т. о. технологиясының стратегиялары, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланысы: еңбекке баулу, ана тілі, дүниетану
Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаз, желім қайшы
Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасы
Табиғат көрінісінің суретін салу
3.. Өткен сабақты бекіту
1. Бейнелеу өнер дегеніміз не?
2. Тастан қашалып жасалған өнер түрі - (мүсін)
3. Қазақтың тұңғыш суретшісі - (Ә. Қастеев)
4. Құрылыстар салу өнері – (архитектура)
5. Ісмер деп кімді айтамыз? (Ұлттық киімдерді тігетін, қолынан іс келетін адамдар)
6. Суретшінің өзін бейнелейтін шығармасы – (автопортрет)
7. Жануарлар суретін салу жанры (анималистік)
8. Табиғат көрінісін бейнелеу (пейзаж)
9. Адамның кеудеден жоғары бөлігін мүсіндеу (бюст)
10. Қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқалам немесе басқа құралдармен орындалған сурет - ( Графика)
Жаңа сабақ
Аппликация түрлерін сызба арқылы көрсетіледі.
1. Қағаздан жасалатын аппликациялар - ашық хат, аппликацияланған шеберлердің жұмыстары көрсетіліп, жасалу жолдарымен таныстырып өтемін.
Сәндік аппликациямен қабырға газеттерін, альбом, папкаларды да безендіруге болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде үйлестіріп орындауға болады.
2. Киізге өрнектелген оюлары түрлі - түсті боялған жүннен немесе мата қалдықтарынан сырылып жасалады. Бұл да аппликациялау өнеріне жатады.
3. Табиғи материалдардың ішінен шиді пайдалана отырып, жүннен немесе түрлі жіппен орап, шидің бетіне өрнек түсіруге болады. Әр түсті жіппен немесе түрлі түске боялған жүннен жасалған ши түрі «шым ши» деп аталады.
Сөзжұмбақ « Орама ши»
1. Шидегі өрнек ( ою)
2. Киізден жасалған бұйым ( сырмақ)
3. Ши тоқуға арналған ауыр зат ( тас)
4. Тастан қашалып жасалатын өнер түрі ( мүсін)
5. Киіз үйдің тіреуіші ( бақан)
6. Төсеніш түрі ( алаша)
7. Іс тігетін құрал ( ине)

Жаңа сабақты бекіту.
1. Не? ши
2. Қандай? әдемі, өрнектелген
3. Не істейді? Тоқиды, тұтады, жинайды
4. Мағыналы бір сөйлем. Киіз үйге әдемі шиді тұтады.
5. Синоним. Орама ши

VII. Сабақты қорытындылау. Топтастыру «аппликация»
VIII. Үйге тапсырма: аппликация жұмысын аяқтау
Бағалау.

 

 

Бұйымдарға қолданылатын ою-өрнек түрлері

$
0
0

№ 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

                                                          

Шаймерден Азатхан Серікұлы

Бейнелеу өнері пәнінің жоғары санатты оқытушысы

 

Сабақтың  тақырыбы:  Бұйымдарға   қолданылатын   ою- өрнек   түрлері.

Сабақтың  мақсаты:  ою- өрнек   туралы   түсінік   беру.

Білімділік:   қазақ   халқының   ою- өрнек   түрлеріне   сипаттама   беру.

Дамытушылық:   ою- өрнектің   тілін   түсіндіру,   сырына   мән   беру   арқылы                                                   оқушылардың   шығармашылық   қабілетін   дамыту.

 Тәриелік:   ою- өрнек   арқылы   оқушылардың ой-өрісін,   білімін   жан- жақты   дамыту,   халқымыздың   асыл   мұраларын, салт- дәстүрін,   өнерін   құрыметтеуге   тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:   дәстүрлі   сабақ

Сабақтың  типі:   аралас   сабақ.

Сабақтың  әдісі:   топпен   жұмыс,  түсіндіру,  сарамандық  жұмыс.

Сабақтың  көрінекілігі:  слайдтар: «Ә.Қастеевтің  сөзі»,  «Ою-өрнектер», «Сергіту  сәті»,                                                      «Б.Момышұлының  сөзі».

Пәнаралық  байланыс:   бейнелеу  өнері,   әдебиет,   математика.

Сабақтың  барысы:    1.Ұйымдастыру   бөлімі.

                                 Оқушылармен   амандас,   түгелдеу.   Екі   топқа   бөлу.

  1. Үй   тапсырмасын   сұрау.
  2. Сырғалар   пішініне   қарай   қалай   бөлінеді?
  3. Сырғалар   жасалатын   материалына   қарай   қалай   аталады?
  4. Шолпы   мен   шашбау   қандай   құймалардан   қалай   жасалады?
  5. Шолпы   мен   шашбауды   не   үшін   тағады?
  6. Білезік   дегеніміз   не?
  7. Тамақша   дегеніміз   не?
  8. Тамақша  неден   жасалады?
  9. Білезіктің   қандай   түрлері   бар?
  10. Алқа   қандай   бұйым?
  11. «Алқа   сырға»   деп   қандай   бұйымды   айтады?
  12. Жаңа   сабақ.

           Өнерді   таудың   бұлағынан,

           Қойдың   құлағынан,

           Апамның    киізінен,

           Қошқардың   мүйізінен    үйрендім.

                                                          Ә.Қастеев.

Халық  арасында  кең  қанат  жайған  қолданбалы  өнер  саласының  біреуі  зергерлік  болса,  екіншісі  ағаш  өңдеу  өнері.  Қазақ  халқының  қолөнерінің  сала-саласында  кең  қолданылып  келген,  өнердің  өте  көне,  әрі  күрделі  түрі  ою-өрнек  өнері.Қазақтың  қолтума  сәндік  өнерінің  барлық  түріне  де  оюлар  мен  өрнектер  алғашқы  элемент  ретінде  қолданылады.

Қазақтың  ою-өрнегінің  бірнеше  ондаған  ғасырлық  тарихы  бар,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  мұра  болып,  үнемі  қолданыста  болып,  дамып  келе  жатқан  өнер  түрі.  Оған  мысал  ретінде  «Сырмақ  шерткен  сыр»  аңыз  әңгімесін  айтуға  болады.

      Ертеде  бір  әділ  хан  болыпты.  Оның  жарлығымен  қол  астындағы  халық  үй  жиһаздарын,  киім-кешек,  құрал-саймандарын,  қару-жарақтарын  ою-өрнектеп  әдемілеп  ұстайтын  болған.  Сондықтан  оны  халық  Ою  хан  атапты.  Бір  жылдары  бөтен  елдің  ханы  жаулап  алып,  Ою  ханды  зынданға  тастапты.  Ою  ханның  орнына  хан  болып,  бұрынғы  салт-дәстүрді,  ою-өрнекті  жойып,  жаңаша  құрмақ  болады.  Жаңа  дегендерінің  бәрі  тез  ұмыт  бола  береді.  Оған  жөн  айтқан  адамдардың  көзін  жоя  берген.  Сондықтан  оны  халық  Жою  хан  деп  атапты.

      Бұл  кезде  Ою  хан  зынданда  жағдайдың  бәрін  естіп-біліп  жатыпты.  Бір  күні  Жою   ханның  жалғыз  ұлы  аңға  шығады.  Жолдағы  аңның  бәрін  түгел  қырып,  ойына  келгенін  істеп  келе  жатырғанда  бір  үкі  мұның  бетіне  шапшып,  екі  көзін  ойып  жібереді.  Еш  нәрсе  көре  алмай  тентіреп  келе  жатып,  жардан  құлап  көлге  батып  өледі.   Жою  хан  баласына  іздеу  салады.

      -Кімде-кім  баламның  өлімін  естіртер  болса,  соның  басын  аламын,- деп  жарлық  берген  соң  ешкімнің  батылы  бармай.

     Мұны  естіген  Ою  хан  баланы  іздеуге  баратынын  хабарлайды.  Жою  хан  оны  зынданнан  шығарып,  жолға  салады.  Ол  дәрі-дәрмегін  алып  орманды  аралап  келе  жатса  бір  тастың  астынан:

    -Жойылсын,  Жою  хан! –деп  қиналған  дауысты  естиді.  Тасты  көтеріп  қараса,  жамбасына  оқ  тиіп,  күйреген  сұр  тышқанды  көреді.  Оның  аяғын  таңып,  дәрі  құйып  жөніне  жібереді.  Осылайша  кездескен  аң-құстың  барлығын  емдейді.  Ең  соңында  қанаты  сынған  үкіні  емдеп,   «Жою  ханның  баласын  көрдің  бе?»  деп  сұрайды.

    -Қатыгез  хан  баласы  жолында  кездескен  сұр  тышқанды,  арқарды,  бұғыны,  жолбарысты  жаралап,  балықты  құрлыққа  тастап,  қайтып  айналып  келіп,  сойып  алмақ  болғанда,  мен  оның  екі  көзін  шығардым.  Өйткені  бұл  аңдардың  барлығы  Ою  хан  еккен  орманның  ең  соңғы  аңдары  еді.  Хан  баласы  қазір  көл  түбінде  өліп  жатыр.

     Мұның  бәрін  естіген  Ою  хан  үйіне  келіп,  ойланып,  оқиғаның  желісін  сырмақтың  бетіне  ою  түрінде  түсіріп,  Жою  ханға  алып  келеді.  Жою  хан  сырмақтың  оюына  қарап  отырып,  оқиғаны  былайша  тарқатады.             -Тоқта,  мына  ою  не  деп  тұр?  Балаң  екіге  бөлінді,  жаны  рухта,  тәні  аруаққа  айналды  деп  тұр  ма?

    -О,  жалған!  Менің  ұлым  шынымен  өлгені  ме?  Өлтірем!!!- деп  қылышын  суырып  Ою  ханға  төнеді.  Ою  хан  саспастан  Жою  ханның  өз  жарлығын  есіне  салады.  Ханның  екі  айтқаны  өлгені  деп,  жарлық  бойынша  өз  басын  алады.  Ою  ханды  ел-жұрты  қайта  хан  көтереді.

    Әр  оюдың  тілі  бар  деген  сөз  осыдан  қалған.

Бұл  аңыздан  ою-өрнектердің  барлығын  қоршаған  ортадан  алғанын  көреміз.

Көне  заманнан  қазіргі  кезге  дейін  халықтың  тұрмыс-дәстүрімен  тығыз  қайнасып,  өмір  сүріп  келе  жатқан  өнердің  бір  түрі –ол  қолданбалы  өрнек  өнері.

Қазірде  ою-өрнектерді  композициялық  құрылымына  қарай  бір  жүйеге  келтіру  үшін  ғалымдар  ою-өрнекті  төрт  топқа  бөледі:    1. Зооморфты      2.Өсімдік  пішіндес 3.  Геометриялық    4.  Космогониялық.

Әр  ою-өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:  «қошқар мүйіз»  оюы  молшылықты   меңзейді,    «ағаш»  оюы  ынтымақ   бірлікті,  «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы,  судың  белгісі,  «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

«Құс»,  «түйе  табан»,  «итқұйрық»  ою-өрнектері  кебеже,  жүкаяқ,әбдіре,  асадал  сынды  бұйымдарда,  ал  өсімдік  пішіндес  оюлар  «гүл»,  «жапырақ»,  «қырмызы  гүл»,  т.б.  ағаш  бұйымдарда  шебердің  талғамына  қарай  топтастырып  беріліп  отырған.  Геометриялық  өрнектер  кілемде,  шым  шиде,  ағаш  пен  тастан  өңделген  бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік  бұйымдарда  композиция  құру  барысында пайдаланады. Космогониялық  өрнектер  көбіне  кілемде,  жүзіктерде  кездеседі.

Жоғарыда  өрнектердің  композициялық  құрылымы  дегенді  айттық.Композиция  дегеніміз -өрнекті  бұйымның  бетіне  реттеп  орналастыру,  жүйелеу.

 Композициялық  тұйық  өрнектер  дегеніміз- шеңбер  ішінде,  түрлі  бұрыштар  ішінде  орналасқан өрнектер.

Өрнектерді  орналастыру  үшін  симметрия  сақталу  керек.  Симметрия  дегеніміз- ою  өрнектің  екі  жағының  тең  болуы.  Ою-өрнекте  бір  элемент  қайталанып  келсе  мұны- ритм  дейміз.  Бұйымға  салынатын  ою-өрнектің  бояу  түрлерінің  бір-бірімен  үйлесіп,  жарасым  табуы – колорит  деп  аталады.

         Мысалы:  көк  түс – аспанды,  жасару,  өмір,  өсу  деген  мағынаны  білдіреді,  қызыл  түс – оттың,  күннің  белгісі,  қара  түс – жердің  түсі,  берекенің  белгісі,  сары  түс – ақыл,  парасат,  байлықтың  белгісі,  ақ  түс – қуаныштың,  бақыттың,  тазалықтың  белгісі,  жасыл  түс – жастықтың,  көктемнің  белгісін  білдіреді.

Сонымен  қазақтың  ою  және  өрнек  деген  қос  сөзі  біріге  келіп,  латынша  орнамент  деген  ұғымды  білдіреді.   Мағынасы  әсемдеу,  сәндеу.  Ою  дегеніміз – бұйымға  түсірілген  өрнекті  пышақпен  кесу  арқылы  өңдеу,  бұйымды  шабу  кезіндегі  ойып  өңдеу  жұмыстары.  Өрнек  дегеніміз – кез  келген  бұйымның  сыртына  түсірілетін  біртұтас  байланысты  әшекей.  Жалпы  алғанда  ою - өрнек  дегеніміз - әдемі  ырғаққа  арнаулы  жүйемен  құрылған  өрнек  бөлшектері.

Шеберлер  бұйымға  салатын  ою - өрнектерді  жүйелеп,  бояуларын  да  үйлестіре  біледі.

Артында  өшпес  із  қалдырған  қолөнер  шеберлері  біздің  өңірде  де  баршылық.  Соның  бір – екеуіне  тоқтала  кетейік.                 

     Сергіту  сәті.      Мақалдың  жалғасын  тап.

     1.Еңбек  қылсаң  ерінбей,  тояды ...

     2.Шешеннің  сөзі  мерген,  шебердің ...

     3.Ер  қадірін  ер  білер,  зер ...

     4.Жаңбырмен  жер  көгерер,  еңбекпен ...

     5.Істегенің  еліңе  жақсы,  үйренгенің ...

     6.Не  ексең,  соны ...

     7.Екпей  егін  бітпес,  үйренбей ...

     8.Ақыл  көпке  жеткізер,  өнер ...

Сабақты  бекіту:   екі  топқа  екі  түрлі  тапсырма  беру  арқылы  бекітіледі.

     1.Оюларды  өз  тобына  жинау.

     2.Графикалық  диктант.

1.Композициялық   құрылымына  қарай  ою-өрнек  екі  топқа  бөлінеді.     

  1. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек  түріне  жатады.

3.Композиция  дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия  дегеніміз – ою-өрнектің  бір  жағының  үлкен  болуы.

5.Өрнек  дегеніміз – бұйымның   сыртына  түсірілетін  әшекей.

6.Көк  түс – жастық,  көктемнің  белгісі.

Бағалау.

Үйге  тапсырма:  Қазақ  халқының  ою-өрнектерін  басқа  халықтардың  ою-өрнектерімен  салыстыру.

Теориялық  бөлімді  қорыту.

     Өткенді  еске  алып,  ойға  толам,

     Сұрыптап  тезге  салып,  көп  ойланам,

     Ой  түбіне  жете  алмай  титықтасам,

     Қолыма  қайшы  алып,  ою  оям – деп  Б.Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

Сарамандық  жұмыс.      Ағаш  бетіне  бедерлеп  өрнек  ою.

     1.Салынатын  өрнек  жобасын  қағазға  салу.

     2.Тақтай  бетін  тегістеп  сүргілеу.

     3.Өрнекті  ағаш  бетіне  көшіру.

     4.Өрнекті  ою.

Жұмысты  саралап  сараптау,  баға  беру.

Жұмыс  орнын   жинастыру.

                                       

 


Ш. Уәлиханов және сурет өнері

$
0
0

Ш. Уәлиханов және сурет өнері

Азатхан Серікұлы Шаймерден

Жоғары санатты бейнелеу пәнінің оқытушысы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия

    Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865жж) жақсы суретші де болған.

    Ғалымның бай мұраларының бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Өз еңбектерін суретпен толықтырып отырған, көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тущь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Суретшілік өнерді арнайы үйренбесе де оның суреттерінде кәсіби шеберлерге тән өзіндік қолтаңбасы бар. Бұл ғалымның табиғи дарынының ерекше бір қырын байқатады. Қазіргі уақытта Шоқаннан бізге мұра боп қалған 150-ге тарта сурет бар /2,318/. Оның  қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді беделді басылымдарда жарияланған. Шоқан өзінің күнделіктерін, қолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі кескіндемелерімен де толықтырды. Ғалым сондай-ақ тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасады /3,3/.

    Бейнелеу өнері тарихында он, жиырма ғана еңбегімен маман суретші атанып, әлемдік даңққа иеленгендер бар. Шоқан Уәлиханов бізге 150 туындысын мұра етіп қалдырды. Демек, Шоқанның суретшілігі - маман көзбен қарауға болатын, талғаммен өлшеп, танымымызға сіңіретін суретшілік /4, 16/.

    Қазақ халқының тұңғыш суретшісі Ш. Уәлиханов бала жастан сурет салумен шұғылданған. Кадет корпусында оқи жүріп, сурет салуға деген құштарлығын одан әрі шыңдай түседі. Оның бейнелеу өнеріне деген бейімділігіне әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың тәрбиесі ерекше әсер етті /5, 315/.

    Қоршаған ортаны бейнелегенде, көргенін қапысыз суретке сала білген Шоқан тас мүсіндермен қатар таңбалы тастардағы бейнелік суреттерді қағазға түсіріп, жүйелі зерттеуді көздеген. Оның салған суреттерінде қазақ халқының мәдениетін зерттеуге мүмкіндік беретін қару-жарақ, садақ, қорамсақ, кісе, селебе, жел ауыз, қамшы нобайларынан ұлттық мұраның үлгілерін көруге болады. Сонымен қатар ғалым ұлттық киімдер мен киіз үйдің қыр-сырын өте жақсы білген /6, 40/.

    Сурет салумен бала жастан шұғылданған Шоқан он екі жасында «Жатақ» атты суреттемесін салады. Суретші бұл еңбегінде киіз үй мен түйеші баланы өте нанымды бейнелейді. Бұл оның тырнақ алды туындысы болса да, бояу үйлесімділігі жарасымды үндестік тапқан шығарма болып табылады.  Көкейге ұялаған ойды жедел қағаз бетіне түсіруге ұмтылған қаламгер талай туындыны өмірге алып келеді. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде сурет пен сызу пәндерінен жүйелі білім алады /8, 37/.

    Үздіксіз ізденістер мен қажырлы еңбегінің жемісі Шоқанның қазақ халқының тұңғыш суретшісі екендігін дәлелдей түседі. Оның өзіндік бір ерекшелігі - көрген затты жақсы есте сақтап, ойша салуға дағдылануы. Қоршаған ортаны бейнелеуде зерттеушілік әдіске бейім. Мысалы,  «Рауғаш және киіктің лағы» атты нобайына көңіл бөлсек, мұнда шөптің құрылысы мен киіктің сұлу тұлғасы дәл ұқсастықпен бейнеленгендігін байқай аламыз /8, 38/.

   Шоқанның портреттік адам тұлғасын бейнелеуде сол адамның ішкі жан-дүниесіне  үңіле отырып, мінез-құлық ерекшелігіне айқын сипаттама береді. Өзінің «Автопортреті» - кәсіби типте орындалған шығарма. Оның графикалық туындылары арасында портреттік жанр басты орын алады. Шоқан - өткір ойлы, көргенін жаңылмай бейнелейтін аса шебер суреткер.  Шоқанның  адам келбетін бейнелеудегі аса шеберлігі - адамның ішкі жан-дүниесін жарқыратып ашуында.  Ол «Бұғы руының бас манабы Боранбай» суретінде Боранбайды кескіндеуінде кеудеден жоғары келбетіне көбірек көңіл бөледі. Қиғаш қас, қысық көз, қыр мұрынды, шоқша сақал, сирек мұртты маңғолға ұқсас дөңгеленген өңін нанымды бейнелейді. Күңгірт түстерді үйлесімді пайдалану арқылы Боранбайдың бет - пішінін  айқындай түскен. Шоқанның кез-келген портретті шығармасын алып қарасақ, жанды сызықтың құдіретімен  қас-қағым сәтте бейнеленген нобайлары асқан шеберлікпен туындаған. Адамның тынымсыз іс-әрекет жасаудағы тұлғасын дәлдікпен қағаз бетіне түсіре білген. «Тезек сұлтанның портреті», «Сарыбағыш руының манабы Сартай», « Ұлы жүз сұлтаны  Мамырхан Рүстемов» т.б. портретті туындылары ұлттық мазмұнда өз шешімін тапқан /8, 39/.

    Шоқан қолтумаларының шоқтығы биігі портреттік жанр болғанымен, табиғат тамашасын, халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салтын бейнелеуде еш тосырқамайды. «Аспан әлемі» деген этюдінде ғалым - суретші қазақ халқының көнедегі күнтізбені тәптіштей сызып,  Құс жолы, Арқар жұлдыз, Сүмбіле, Таразы, Жетіқарақшы, Темірқазықтың орнын көрсетеді /4, 16/.

    Шоқанның көнедегі  архитектуралық ескерткіштерді, тамылжыған табиғат сұлулығын, «Киіз үй алдындағы қазақтарды», «Кітап ұстаған қазақты» да салғаны бар. Портреттік жұмыстарында Шоқан адамның күрделі психологиясын ұтымды деталдармен (қара қауырсын, қандауыр пышақ т.б.) ашып отырады. Бұл еңбектер орындалу сәттілігімен ғана емес, ұлттық бейнелеу өнеріміздің, оның ішінде ұлттық реалистік графикамыздың алғашқы үлгісі болуымен де құнды /4, 17/.

    Шоқан мұрасының ішінде сәулет құрылыстары бейнеленген суреттемелер өте көп. Шығармашылық еңбегінің нәтижесі тарихи деректемелерге дәлел бола алады. Мысалы, «Семейдегі  тас мешіт», және «Түп өзеніндегі қырғыз бейіттері» қырғыз бен қазақ өлкесіндегі сәулет өнерінің үлгілерін зерттеуі дүниежүзілік сәулет өнерімен сабақтастырылған /6, 144/.

    Ш. Уәлиханов шексіз сахараның сан құбылған табиғатының ортасында жүріп, өнерін жетілдіреді. Шоқанның 1856 жылы қарындашпен салған «Іле Алатауындағы бекет», суретінде дала ауа райының кеңістік заңдылығын мейлінше ұтымды пайдалана білген /1, 126/.

    Шоқанның суреттері мен графикалық кескіндемелері сюжеттік жанрға тән. Ұлы саяхатшы 1858 жылы Қашқарияда болып, жергілікті Қытай халықтарының мәдениетімен жетік танысады. Ол қытайлардың қала сыртындағы бақтары, жазғы мекен-жайлары өте көрікті, әсіресе үйлердің терезелері оюланып, шатырының ернеулері жұлдызшалармен ерекшеленгендігін көрсетеді. Оның «Шығыс - Түркістан ұйғырларының киімдері», «Түркістан әйелдерінің киімдері» атты шығармалары - осы бағыттағы  сәтті туындылары. Шоқан өз халқының өнерін дүниежүзілік мәдениетпен байланысты зерттеуде ұлттық бояуды сақтап қалуды арман етті. Шоқанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі - ұлттық мұражайымыздың асыл қазынасы /8, 40/.

    Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан өнер зерттеушісі ретінде көрінді. Ол қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін және қолөнерге айрықша  мән берген.  Осы салалар бойынша Шоқанның еңбектерін зерттеген тарихшы Әлкей Марғұлан оның сурет жазбаларын мынандай жеті топқа бөледі:

  1. Жас кезінде салған суреттері.
  2. Қазақстан мен Қырғызстан мәдени және археологиялық ескеркіштерінің суреттері.
  3. Қазақтардың, қырғыздардың, ұйғырлардың тұрмысы мен салтына қатысты суреттер.
  4. Ыстықкөл экспедициясы суреттері.
  5. Құлжа сапарынан туған суреттер.
  6. Қашқар экспедициясы суреттері.
  7. Замандастар портреттері.

Түйіндеп айтар болсақ, Шоқан Уәлиханов басқа ештеңе тындырмай, тек қана бізге жеткен суреттерімен белгілі болғанда да, рухани тарихымыздың төрінде тұрар еді. Шоқанның жазба мұраларынан көп қырларын таратып әкетіп жүргеніміздей, бейнелеу өнеріндегі Шоқан мұралары да этнографты, тарихшыны, сәулетші - суретшіні, топограф, географ, ботаник, музыкантты, әдебиетші, өлкетанушыны қызықтырады. Соның ішінде, ғалымның суретшілік еңбегі әлі де өз зерттеушілерін күтуде. Ұлттық бейнелеу өнерінде, ең алдымен, қазақ халқының тұңғыш суретшісі Шоқан Уәлихановтың мұрасынан сабақ алып, оның суреттері толық зерттеліп, ғалымның суретшілік мұрасының өмірдегі шын қуаты анықталып, өз орнын тапса екен деймін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ешмағанбетов Б. С. Шоқан Уәлиханов - ғұлама ғалым. Қазақстан тарихы әдістемелік журналы. 2005 ж №5
  2. Бейсекбаев Ж. Жасын тағдыр жарқылы. Алматы. «Жалын», 1987ж
  3. Есмағанбетов К. Шоқан дүниетанымы.
  4. Алаш айнасы газеті. 2009 жыл 20 мамыр
  5. Телжанов Қ. Бояуы қанық бір әлем. Білім және еңбек. ғылыми көпшілік журнал. 1985 ж. №11
  6. Қабылдинов З. Е, Қайыпбаева А. Т. Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы. Қазақстан тарихы. Атамұра, 2008жыл
  7. Болатбаев Қ, Қосбармақов Е, Еркебай А. Қазақ халқының тұңғыш     суретшісі – Ш. Уәлиханов . Алматы, Өнер. 2006 жыл
  8. Ш. Ш. Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы, ІІ-ші том, Алматы, 2010 жыл

Биология пәнінен ОЖСБ-ға дайындауда жетістікке жету жолы.

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Аққозы ЖОББМ-нің  I санатты III деңгейлі биология

пәнінің мұғалімі Төлеуғалиева Райса Радикқызы.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеуге есептер  шығару

Тема: «Главные и второстепенные члены предложения»

Сабақтың  мақсаты:

а)білімділік мақсаты: Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=b теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.

Шахмат ойындарының стратегиясы мен тактикасы

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасы

Сабақтың мақсаты:     

а)білімділік мақсаты:

 Оқушыларға стратегия және тактика сөзінің мағынасын   түсіндіре  отырып,шахмат  ойынының принциптері мен ережелері туралы мағлұматтар беру                             

Шахмат фигурларының жүрістері

$
0
0

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға , ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.  Шахмат айыны 1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады.Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. 1988 жылы сағатты қолдана бастады. Шахбокс-шахмат пен бокстан туған.

 

 

Viewing all 162 articles
Browse latest View live